Ердоған Назарбаевқа телефон соқты

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/444/34/4443467.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/politics/20191229/12419003/Erdogan-Nazarbaev.html

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына ­­игілік пен бақ-береке тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды elbasy.kz. 

Олар бір-бірін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Түркия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен толағай табыс, Қазақстан халқына ­­игілік пен бақ-береке тіледі.

Тағы оқыңыз: Ердоған Қытайдағы ұйғырларға қатысты тосын мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия қатынастарының жоғары деңгейі мен екіжақты ынтымақтастықты дамытудың зор мүмкіндіктерін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.



sputniknews.kz