Ердоған денсаулығына байланысты сайлауалды шараларды тоқтатып тастады
Түркиядағы сайлауға үш аптадан аз уақыт қалды, бірақ ел президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің сайлау науқаны аясында барлық іс-шараларды тоқтатты.
«Дәрігерлердің кеңесі бойынша Мен бүгін үйде демаламын», — деп жазды ол Twitter-де.
Ердоған оның орнына осы күні Қырыққала, Сивас және Йозгатта өтетін сайлау митингілеріне Түркияның вице-президенті Фуат Октай қатысатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия президенті кенеттен тікелей эфирде өзін нашар сезінген еді.
Фото: ria.ru