Ердоған Астанада Путиннің көзінше Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырды

0

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінде сөз сөйледі,  деп хабарлайды Kznews.kz тілішісі  Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

«Біздің бәріміз Украинадағы дағдарыстан кейінгі салдарды аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Мен әрдайым бейбітшілікке тек дипломатия арқылы ғана қол жеткізуге болатынын айтып келемін. Қазіргі әділетті әлемдегі соғыста жеңімпаз болмайды. Екінші жағынан, соғыстың салдарын жоюға бағытталған біздің БҰҰ-мен бірге күш-жігеріміз бүкіл әлемді мойындатып жатыр», — деді Ердоған.

Ол сонымен қатар Қара теңіз арқылы украиналық ұнның экспорты туралы сөз қозғады.

«Біздің мақсат – алаңдағы қиындықтарға қарамастан қарқынды сақтау, қантөгісті тоқтату», — деді Түркия президенті.