Ердоған 10 елдің елшісін кері қайтармақ

0

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Cыртқы істер министрлігіне он Батыс мемлекетінің елшісін қайтаруды бұйырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты reuters.com агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында АҚШ, Германия және Франция елшілері де бар.

Бұған дейін дипломаттар мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс жасады деп күдікке ілінген түрік филантропы Осман Каваланы босатуды талап еткен.

Ердоғанның бұл шешіміне АҚШ, Германия, Франция, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Дания, Норвегия, Финляндия және Швеция елшілерінің Каваланы босатуға шақыруы түрткі болған.

Стамбул прокуратурасы Каваланы 2016 жылғы шілдеде мемлекеттік төңкеріске қатысы бар деп айыптаған.

Еске сала кететіні, Ердоған 21 қазан күні дипломаттарға өз аумағында не істеу керегін айтуға қақы жоқ екендігін ескерткен болатын.

Оралбай Мергенбайұлы