Ерболат Төлегенов: Алған дипломымды әкемнің басына барып көрсеттім

0

Әзілкеш, актер Ерболат Төлегенов өміріндегі бір «әттеген-айын» айтты. Қасымда әкем жетіспей тұрады деген әзілкеш өмірінде бір жетістікке жетсе, әкесінің қабірінің басына барып ұзақ сырласатынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz сайты.

Бұл туралы «Мәміле» бағдарламасында айтылды.

Ерболат Төлегенов 17 жасында әкесінен айырылды. Ол кезде әзілкеш әлі де студент еді. 4 баланың әкесі атанған актер өз әкесін сағынады, іздейді. Өмірде бір ғана «әттеген-айым» бар — ол бір әкенің жоқтығы дейді.

«13 жасымда әкем ауырып қалды. Мен студент болып жүргенде әкем қайтыс болды. Әкем «саған көлік алып бере алмадым, диплом алып бере алмадым» деп өкінген еді. Кейін оқуымды бітіріп, диплом алғанда әкемнің басына бардым. Әкеммен сөйлестім. Дипломымды көрсеттім. Әкем оны көрмейді ғой. Бірақ бұл менің өзімше сырласуым», — деді Ерболат. 

Ерболат Төлегенов жарының ерекше қасиеттерін атады. Әйелін қызғанатынын мойындады. Алайда қандай жағдай болмасын, жарының әнші-әртіс болғанын қаламайды.

«Мен әйеліммен үйленгеніме биыл 11 жыл болады. 11 жыл тату тұрамыз. Әйелім анамды сыйлайды. Ол ең бірінші жақсы қасиеті. Анамды өз анасындай көреді. Екі ананы тең көреді. Ағайындарымды сыйлайды. 4 баламды өмірге әкелді. Осыдан соң мен әйелімді қалай жақсы көрмеймін. Маған артық сұрақ қоймайды. Мазалап звондай бермейді. Өсек айтпайды. Өсек айтылып жатса, ол жерден тұрып кетіп қалады. Әйеліме ризамын. Әйелім әнші-әртіс болам десе қарсы болар едім. Әйелімнің үйде отырғанын қалаймын», — деді әзілкеш. 

Алайда Төлегенов жарына телефонын көрсетпейді. Онда жеке құпиялар бар деп есептейді.

«Адамда сенім болу керек. Күйеуі әйелінің, әйелі күйеуінің телефонын ақтаруы дұрыс емес. Бір-біріне сену керек», — деді ол.

Әйеліне өтірік айтатын кезі болып тұрады. Оны өзі де мойындады.

Төлегенов үйленген күнін, балаларының туған күнін жатқа біледі. Бойында кекшілдік қасиет жоқ.

«Мен ешкімге кек сақтамайды. Ұрысып қалсам да, тез ұымыт кетем. Бүгін бармыз, ертең жоқпыз. Сондықтан біреуге ренжіп өмір сүруге болмайды. Өтірік айтатын кезім болады. Ұрыспау мақсатында, екі досты достастыру мақсатында өтірік айтуға болады ғой. 11 жылда әйеліме өтірік айтқан кездерім болды», — деді актер.