Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты

0

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының барысымен танысты.

Бұрын бұл учаскеде магистральдық желілер болмаған. Кеңес заманында тұрғындар ұжымдық су құбырын тартып, кейін жеке желілерге қосылды. Құбырлардың кіші диаметріне және халық санының өсуіне байланысты қысым және сәйкесінше су тапшылығы болды. Пайдалану кезінде тозған құбыр жүктемелерге төтеп бере алмады, соның салдарынан жиі қысым әріісумен жабдықтауда үзілістер болды.

Жетісу ауданында сумен жабдықтаудың және суды бұрудың жаңа желілерін салудың ауқымды құрылысы 2023 жылдың наурыз айында басталды. Жоба бойынша инженерлік желілердің жалпы ұзындығы-97,75 км: 25,7 км су құбыры және 72 км – кәріз желілері. Бүгінгі таңда нысанның дайындығы 30%-ды құрайды. Жұмыстарды аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған.

Сондай-ақ, жобада жолдың бүкіл ені бойынша 13 көшеде асфальт төсемді қалпына келтіру көзделген, оның 9-ы бойынша жұмыстар аяқталды: Таймыр, Мещерский, Шілдехана, Февральская, Обская, Феоктистов, Леонов, Быковский, Серіков. Боралдай және Октябрьская көшелері бойынша ұзындығы 1,5 км жол төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осындай жұмыстар Логовая және Ермолова көшелерінде жүргізіледі.

Жоба аяқталғаннан кейін 6 мыңға жуық абонент орталық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

Қала басшысы Жетісу ауданының әкіміне құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды және жұмысты мерзімінде аяқтауды тапсырды. Ерболат Досаев бұл жобаны іске асыру қалалық инфрақұрылымды әрі Жеісу ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды қадам екенін атап өтті.