Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы болып тағайындалды
Сенат Ерболат Досаевтың ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалуына дауыс берді.
Мемлекет басшысының ұсынуымен ҚР Парламент Сенаты Ерболат Досаевтың ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып тағайындалуына дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабылдап, мен сіздердің алдыңызға мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық банк төрағасы лауазымына лайықты кандидатураны мақұлдату үшін келдім. Президент Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ерболат Әскербекұлы Досаевтың кандидатурасын ұсынуда. Ол өзінің қызметі барысында өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. ҚР Конституциясының 55 бабына сәйкес, Досаев Ерболат Әскербекұлын Ұлттық банк төрағасы қызметіне тағайындауға сенаттан келісімін беруін сұраймын», – деді Президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz