Ербаян Мұхтарға қатысты істе әлі нақты күдіктілер жоқ

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевтің айтуынша, мерзімді сарбаз Ербаян Мұхтардың басынан ауыр жарақат алуына қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, бірақ Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес нәтижелер туралы ақпарат жарияланбайды. Іс Бас прокуратура мен Бас әскери прокурордың ерекше бақылауында, ал Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен байланыста.