Ербаян Мұхтарды Германияда емдетпек. 227 миллион қаражат жиналды
Әскерге барып, ауыр халде оралған Ербаян Мұхтарға халық қаражат жинап, Германияда емделуіне көмектесуге ниетті.
Белгілі болғандай, бүгінде 227 млн теңге жиналған.
Сарбазға ЭКГ, жүрек эхо-кардиографиясы және өкпе рентгені сияқты медициналық тексерістер қажет. Сондай-ақ сарбаздың ұзақ сапарға шыдауы да маңызды. Оның жақындары Германия елшілігіне барып, осы мәселені шешуге көздеп отыр. Құжаттары да ағылшын тіліне аударылуы керек. Ербаянның ата-анасы жақын арада паспорт жасатпақшы. Клиникаларға өтініш те жіберілген.
Бұл туралы Ербаянның Instagramпарақшасында жазылған.