Ербаян Мұхтар Түркиядан оралатын болды

Отбасының адвокаты Инга Иманбай Instagram парақшасында Ербаян Мұхтардың елге оралатынын мәлімдеді.
«Ербаянымыз екі-үш ай елде болады. Басына жасалған отадан кейін толыққанды реабилитация бастау үшін оның ағзасы біраз уақыт демалуы керек екен. Көктемде ол Түркияға қайта ұшып, екінші кезең, реабилитацияны бастайды.
Астанада Ербаян нейрохирург профессор Гёкхан Акдемирдің толық бақылауында болады. Бір айдан кейін дәрігердің өзі ұшып келіп, жағдайын өз көзімен көріп кетемін деп отыр. Гёкхан Акдемир Ербаянның басына ота жасаған дәрігер. Ол кісіге ерекше алғысымызды айтқымыз келеді», — деді адвокат.
коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтем Зиперов