Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды
Ералы Тоғжанов премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ералы Тоғжанов 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын бітірген. Мамандығы – заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығында жұмысшы болып бастаған.
1988-2001 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, Қазақ мемлекеттік заң университеті филиалының директоры.
2001-2006 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы әділет министрлігі дін істері комитетінің төрағасы.
2008-2017 жылдары – Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, президент әкімшілігі Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі.
2019-2020 жылдары Кәсіподақтар федерациясының төрағасы қызметін атқарған.
2020 жылдың 11 ақпанында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың 31 тамызында Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2023 жылы қыркүйекте мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылғаны туралы жазған едік.