«Ералаш» авторы Борис Грачевский көз жұмды

0
136

Мәскеуде «Ералаш» балалар әзіл-сықақ киножурналының шығармашылық жетекшісі Борис Грачевский коронавирустан қайтыс болды.

Грачевскийге COVID-19 диагнозы 21 желтоқсанда қойылған. Алты күннен соң оны ауруханаға жатқызды, екі күннен соң жансақтау бөліміне ауыстырды. 7 қаңтарда режиссерді жасанды комаға түсіріп, өкпесін жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Грачевский ісік ауыруымен де ауырғаны белгілі болды.

Борис Грачевский 1949 жылы 18 наурызда дүниеге келді. 1974 жылы ол «Ералаш» киножурналының негізін қалаған. 1995 жылы Горкьий атындағы киностудия базасында «Ералаш-Лэнд» киностудиясын ашты. 2009-2015 жылдары режиссер екі толықметражды фильм түсірді.