Ер азаматтың қолы трансплантацияланған: Ота жасалған бойжеткеннің қолы бір жылдан кейін ағарып, түктері жоғалды – Қазақстан жаңалықтары

0

Үндістанда 22 жастағы бойжеткенге трансплантацияланған ер азаматтың қолдары қыздың ағзасына толығымен бейімделіп кеткен. Дәрігерлер қошқыл түсті терінің ағаруы мен терідегі түктердің мүлдем жойылып кеткендігін көріп қайран қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шрея

Бойжеткеннің өзі болса ота жасауға келісімін бергені үшін қатты қуанып отырған көрінеді. Шрея Сидданагаудер есімді қыз ер азаматтың қолын отамен оның денесіне жалғау туралы ұсыныс келіп түскенде, бірден келісіпті. Уақыт өте келе қоңырқай терінің түсі оның денесіне толығымен бейімделіп кетіпті. 

Ота 13 сағатқа созылған. Жаңа қол орнатылған үндістандық бойжеткен қазір тырнақ шебері болып жұмыс атқарады, алайда оның қолы ер адамдікі екендігін ешкім біле бермейді. 

қолдар

Әлем бойынша осыған ұқсас 200 сәтті ота жасалыпты. Мамандардың сөздерінше, ең қиыны донор табу болыпты, себебі марқұмдардың туыстары қайтыс болғандардың қолын беруден жиі бас тартады. 2017 жылы мамандар ер адамның қолын иеленген, мұны естіген Фрея ота жасатуға бірден келісім беріпті. 

Қазір бойжеткен орын алған өзгеріске байланысты қуанышын мүлдем жасырмайды. Ал жақында ғана ол колледжге түсу үшін осы қолдармен емтихан жазыпты. Мамандар да өздерінің көрсеткен көмегіне дән риза. Қызды емдеген дәрігерлердің бірі «туған күніме арналған ең әсерлі сыйлық Шреяның қолмен жазған құттықтау хаты болды» деп жылы ниетін білдірді. 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз