Ер адам сүйіктісінің жүзігін ұрлап басқа қызға ұсыныс жасаған

0
156
Сурет: marla66

АҚШ тұрғыны басқа қызға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасау үшін өзінің сүйіктісінің жүзігін ұрлады. 48 жастағы америкалықты полиция іздестіріп жатыр.

Джозеф Дэвис есімді азамат өзін Джо Браун немесе Маркус Браун деп таныстырған. Ол Флорида штатында тұратын екі әйелмен қатар кездесіп жүрген.

Оның «сүйіктісі» Facebook желісінде жігіті мен оның қалыңдығын көріп қалады. Сондай-ақ, ол қалыңдықтың қолынан өзінің жүзігін көреді.

Бұл туралы полицейлер білген соң, Дэвистің қылмыстар тізімі белгілі болды. Оны жалған құжат, зорлық-зомбылық және есірткі қолданғаны үшін қамауға алды.