Ер адам қоғамдық көлікте 10 жастағы қызды зорлады
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/258/97/2589733.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/world/20200121/12588195/avtobus-zorlau.html
Жаға ұстатарлық қылмыс жаңажылдық демалыс кезінде жасалған, 59 жастағы күдікті қазір қамауда отыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Сочи тұрғынына автобуста қызды зорлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Краснодар өңірі бойынша РФ Тергеу комитетінің тергеу басқармасы.
Жаға ұстатарлық оқиға жаңажылдық демалыста, 7 қаңтар күні болған. Сочи тұрғыны күндіз қоғамдық көлікте он жастағы қызға тиісіп, зорлаған.
Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Тергеу бөлімі 59 жастағы ер адамға кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тақты», — делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Бес сағат бойы азаптады: Алматыда мүгедек қызды зорлаған азғын ұсталды
Қазір сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
sputniknews.kz