Ер адам он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды (видео)

0
876
Сурет: jeviniya

Вьетнамда курьер болып жұмыс істейтін азамат Нгуен Нгок Ман 12-ші қабаттың балконынан құлап кеткен екі жасар қызды қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.

Бүлдіршіннің балкон қоршауының сыртында асылып тұрған сәтін іргелес орналасқан ғимараттың тұрғындары видеоға түсіріп алған. Олар айқайлап, адамдарды көмекке шақырғанымен 2 жасар қыз 12-ші қабаттан құлап кетті.

😱¡HEROICA ATRAPADA!👏

Un repartidor le salvó la vida a una niña de 3 años que cayó del piso 12 de un edificio en Vietnam.

La nena sufrió fracturas en la pierna y en los brazos, pero está viva gracias a la heroica acción de Nguyen Ngoc Manh❤️, quien sufrió un esguince.#VIRAL pic.twitter.com/eI03quT0IM

​Алайда оқиғаның куәгері болып тұрған курьер бірінші қабаттағы бастырманың үстіне шығып, сәбиді қағып алды.

Заттарды жеткізумен айналысатын курьер ғимарат алдындағы көлігінде отырғанда кенет баланың жылаған дауысын естіген. Жай ғана ата-анасы ұрысқан шығар деп ойлаған ол, айқай-шу үдей түскенде көлігінен түскен.

«Бастапқыда мен қатты қобалжымадым. Ал баланың балконда ілініп тұрғанын көргенде, бірден үйдегі қызым туралы ойладым. Сөйтіп оны қалай да құтқаруға тырыстым», – дейді ол.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір тиісті ем-дом қабылдауда. Бастысы – дін аман.

Ал жергілікті тұрғындар батыр деп атаған Нгуен Нгок Манның қолы жеңіл жарақат алған.