Ер адам итіне мұрагерлікке 5 млн доллар қалдырды

0

АҚШ-та 84 жастағы кәсіпкер Билл Доррис соңғы 8 жылда бірге тұрған итіне 5 млн долларды мұрагерлікке қалдырды.

Оның әйелі де, баласы да болмаған. Есесіне оның Лулу атты иті бар. Ол оған өзінің қалған 5 млн доллар ақшасын қалдырып кетті.

Әзірге қаражат арнайы қорға орналастырылды.

Кәсіпкер соңғы жылдары көп уақытын жолда өткізген. Сол себепті итті қарауға танысын жалдаған.

«Ол бұл итті өте қатты жақсы көрді. Мен 5 миллион долларды Лулуды күтуге жұмсай алмайтынымды білемін. Бірақ тырысып көремін», — деді әйел.