Ер адам iPhone сатып алу үшін бір ванна тиын берді — Гаджеттер
Мәскеуде 100 мың рубль тұратын (550 мың теңге шамасында) iPhone телефонын сатып алу үшін ер адам ваннаға салып әкелген майда тиындарды берді, — деп хабарлайды РИА Новости.
«Дүйсенбіде біздің дүкенге екі адам келді, олар тиынға толы ванна көтеріп келді. Олар iPhone сатып алғысы келетіндерін және ваннада 100 мың рубль жатқанын айтты», — дейді дүкен өкілі.
Оның айтуынша, сатып алушылар iPhone XS құрылғысын таңдап алған. Оның құны — 100,99 мың рубль.
Оның айтуынша, тиындарды санайға 1,5-2 сағат уақыт кеткен. Сатып алғаннан кейін жігіттер ваннаны көтеріп шығып кеткен. Оның ішінде әлі де тиындар жатқан. Ваннаның чугуннан не пластиктен жасалғаны белгісіз.
Apple компаниясы 12 қыркүйекте үш жаңа смартфонды таныстырды — iPhone XS, iPhone XS Max и iPhone XR.