Ер адам әлемдегі «ең үлкен мысықпен» серуендеп жүр

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Әлемдегі ең ірі мысық тұқымдас лигр деп аталады

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штаты, Мертл-Бич қаласында ер адам көшеде лигрмен серуендеді. Бұл бейнежазбаны The Sun басылымы жариялаған.

Кадрларда көпшілікке «Нағыз Тарзан» деген атпен белгілі Майкл Холстон әлемдегі ең үлкен мысық – лигрмен (еркек арыстан мен ұрғашы жолбарыстың буданы) серуендеп жүр. Оның салмағы – шамамен 319 келі.

Ер адамның айтуынша, лигр сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Аты – Аполлон.

Блогер видеоны YouTube желісіне салып, 120 мың қаралым жинады.

Лигр — мысық тұқымдастардың ең ірі өкілі. Ұзындығы төрт метрден асуы мүмкін, ал салмағы үш жүз келіден артады.



sputniknews.kz