Ер адам айлығы 2,5 млн теңге болатын астаналық досына қалыңдық іздеуде

0

Белгісіз ер адам «Астана- Не? Қайда? Қашан?» тобына жалақысы 2,5 миллион теңге болатын досына қалыңдық іздеп жатқанын айтып, жазба қалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Достар көмектесіңіздер! Астанада досым бар. Метис, жартылай қазақ. Халықаралық компанияда жұмыс істейді. Ішпейді, шекпейді. Жасы 35-те. Оны достарымызбен қосылып, үйлендіре алмай жүргінімізге міне, 10 жыл болды. Айына шамамен 2,5 млн теңге табады. Доллармен алады.

Милан кварталында ауданы 210 шаршы болатын пәтері бар. Алайда жайсыз, бос деп айтса болады. Ешқашан үйленбеген. Балалары жоқ. Бойы 186, салмағы 76 келі», — деп жазды ол.

Ер адамның айтуынша, досының өмірлік жарын іздеуге уақытысы жоқ. Сондықтан ол досынан бұл жағдайда көмектесуін сұраған.

Алайда бұған қатысты пікірін білдіріген желі қолданушылары аталмыш хабарландыруды шынайылығына күмән келтірсе керек. Оған дұрыс жауап қайтармаған.