Ер адам әйелін шынжырға байлап, тұтқында ұстаған

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қызды ата-анасы үйіне алып кеткен. Олар видеоны интернетке жүктеді, оқиғаны құқық қорғау органдары тексеріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қазан — Sputnik. Өзбекстан астанасында ер адам өзінің әйелін шынжырға байлап ұстаған, деп хабарлайды UPL.

«Ташкент қаласы тұрғынының ата-анасы полицияға арыз жазған. Олар күйеубаласы қызын тұтқында ұстап отырғанын айтты «, — деп жазылған хабарламада.

Ол әйелін күніне бірнеше сағат бойы шынжырға байлап ұстаған. Жұмысына кеткенде байлап, келгенде босатып отырыпты. Олардың екі баласы бар.

Қыздың ата-анасы түсірген видео желіде тарап кетті. Бұл кезде ер адам үйінде болмаған.



sputniknews.kz