Ер адам 19 жастағы қызды алып қашып, полиция бөлімшесінде өлтіріп тастаған

0

Қырғызстанда 19 жастағы қызды алып қашып, милиция бөлімшесінде өлтіріп тастаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Медициналық институтта оқып жатқан 19 жастағы Бурулай Тұрдалиева 27 мамырда кісі қолынан ажал құшқан. Қайғылы жағдай қоғамда дау тудырып, алып қашу мәселесі көтерілген еді, деп жазады ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Марқұмның туыстары оны өлтірген 30 жастағы Марс Бодошевті 30 жылға қамауды сұрады. Ал мемлекеттік айыптаушы оны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Сонымен қатар қызды алып қашуға көмектескен Марстың досы 7 жылға сотталды.

Ер адам Бурулайды бір емес, екі рет алып қашқан екен. Біріншісінде бойжеткенді үйіне қайтарып алу мүмкін болған. Ол туыстарының үйінде жанысырып, сабаққа барудан қалған.

Мұнан кейін Бурулай айран алу үшін дүкенге бара жатқан кезде Марс оны тағы да алып қашыпты. Біраз уақыттан кейін олар ұсталып, милиция бөлімшесіне жеткізілді. Сол жерде ер адам сүйіктісін пышақтап өлтірген еді. Сондай-ақ ол өзіне қол жұмсамақ болған.

Бурулайдың туыстары оның кеудесінен өзінің және сүйген жігітінің есімдерінің бас әрпі пышақпен тіліп жазылғанын көргенін айтқан. Алайда медициналық сараптама бұл жайтты растамады.

БҰҰ мәліметінше, Қырғызстанда ерлі-зайыптының 20 пайызы алып қашу жолымен некелескен екен.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/