ЕҚЫҰ Қазақстанда журналистердің ұсталуына қатысты алаңдаушылық білдірді

0

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Арлем Дезир, сәрсенбі, 27 ақпанда Алматы, Жаңаөзен және Орал қалалырындағы бірнеше журналист пен блогердің ұсталуына қатысты алаңдаушылық білдіретінін мәлімдеді.

27 ақпанда жарияланған мәлімдемесінде, «журналистердің кәсіби міндетін орындауға кедергі ететін аз уақытқа ұстау тәжірибесіне алаңдайтынын», «әлеуметтік наразылық пен қоғам үшін маңызды мәселелерді көпшілікке жеткізу журналистің міндеті – олар өз жұмысы үшін жазаланбауы тиіс» деген.

ЕҚЫҰ мәлімдемесінде 27 ақпанда Жаңаөзен қаласында Азаттық тілшісі Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбековтың ұсталғаны айтылған. Оларды Ақтау қаласындағы облыстық полиция департаментінде алты сағат ұстап, жауап алғанан кейін жіберген. Осы күні Алматы мен Оралда блогерлер Асхат Берсәлімов пен Асқар Шайғұмаров та ұсталды.

Дезирдің сөзінше, Қазақстан соңғы кезде журналистерді жөнсіз ұстау тәжірибесі жиілеп кеткенін, осыған байланысты үкіметке өзінің алаңдаушылығын жеткізді. Ол, құқық қорғау органдары қоғамдық наразылық кезінде журналистердің жұмысына кедергі етпеуі тиіс екенін еске салды.

Азаттық