ЕО Украинаға 500 млн еуро қаржылай көмек бермек
Еуропа одағы (ЕО) жақын арада Украинаға 500 миллион еуро көлемінде қаржылай көмек жібереді. Бұл туралы 8 шілдеде Киевте өткен Украина -ЕО саммитінен кейінгі баспасөз жиынында сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Жиырм бірінші рет өткізілген осы саммит нәтижесінде екі жақ бірқатар келісімге қол қойған.
Киевтегі жиынға Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясат бойынша жоғарғы өкілі Федерика Могерини мен Еуроодақтың тату көрші саясаты және кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан да келді.
Украина мен Еуроодақ арасындағы қол қойылған келісімдер негізінен қаржылай көмекке қатысты. Оның ішінде, ЕО энерго тиімділікті қолдау үшін 80 миллион еуро, осы мақсатта тағы 20 миллион еуроны Германия бөлмек. Бұл қаржы тұрғын үй қорын аталған параметрлер бойынша жақсартуға бағытталған.
Қаржылай көмектің ендігі бөлігі – 10 миллион еуро Донбасс пен Приазовья аймақтарын дамытуға бөлінген. Тағы 40 миллион децентрализация жөніндегі реформаны әрі қарай дамытуға бағытталған. Украина бұл процессті 2014 жылы билік ауысқан тұста Еуроодақтың көмегімен бастаған-тын.
Құны 20 миллион еуро болатын жемқорлыққа қарсы мекемелерді нығайтуға бағытталған жобаны Еуроодақтың «Жемқорлыққа қарсы бастамасы» қаржыландыратын болды.
Қаржы Украинаның бірқатар келісімдерді орындауына байланысты бөлінеді. Оның ішінде қаржы жымқыруға қарсы реформаларды жүзеге асыру мен шенеуніктердің табысы туралы электронды декларациясын тексеру сияқты шарттар бар. Бұл шарттар көрсетілген келісімге Укрина 2014 жылы қол қойған.