ЕО мен ЕҚЫҰ-ның төраға елдері ауысты

0

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа одағы кеңесі мен Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төраға елдері ауысты.

Енді Еуропа одағын кезегі келген Хорватия елі басқарады. Загребтің өкілеті бір жарым жылға созылады. Хорватия бұл аралықта демография мәселесін шешуге, ЕО аумағын оңтүстік-шығысқа қарай созуға күш салмақ. Одан кейінгі кезек Германияға келеді.

Ал ЕҚЫҰ-да Албания төраға ел болады. Бұл міндетті Албанияға Словакия тапсырды. Төрағалықты Албания премьері және сыртқы істер министрі Эди Рама басқарады. Бұл ел Еуропа үшін Украинадағы жағдай қауіп төндіретінін мәлімдеді. Раманың сөзінше, Албания жемқорлық және әйелдерге зорлық-зомбылықпен күресуге уәде береді. Бұл мандаттың уақыты бір жыл. Кейін кезек Швецияға беріледі.

Azattyq