Енесінің үйіне барғысы келмеген еркек әйелінен оңбай таяқ жеді – видео
Қысқа сілтеме алу
Ер адам әйелінің ашуланып кеткенін түсініп, дер кезінде қашып құтылды
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Енесінің үйіне картоп қазуға барғысы келмеген еркек әйелінен оңбай таяқ жеді. Куәгер түсірген видео желіде жылдам таралып кетті.
Сырттай қарағанда оқиға өте күлкілі. Видеода сөмке ұстаған әйел жаяужолда такси тоқтатып тұрады. Ал күйеуі оған барынша қарсылық білдіреді: ер адам саусағын әрі-бері қимылдатып, өтіп бара жатқан көліктерге тоқтаудың қажеті жоқ екенін көрсетеді.
Әйел күйеуінің бұл қылығына біраз уақыт мән бермей тұрады, алайда шыдамы тез таусылып, байғұс күйеуінің бетінен құлаштап тұрып ұрып жібереді. Бір ұрып қоя салмаған соң, ер адам әйелінің ашуланып кеткенін түсініп, дер кезінде қашып құтылады.
Желі қолданушылары бұл жағдайды тұрмыстық жанжал деп қабылдады, ал білетіндер ер адам енесінің үйіне картоп қазуға баруға қарсылық білдіргенін жазып жатыр.
sputniknews.kz