Енесінің үйінде асылып қалған: Түркістан облысында 32 жастағы әйелдің жұбайы сотталды

0

Түркістан облысының Шардара ауданында енесінің үйінде асылып қалған 32 жастағы Гүлзар Қуанышеваның күйеуіне қатысты сот бүгін үкім оқыды, деп хабарлайды   31 арнаның  «Информбюро»  жаңалықтар бағдарламасы.

Әйелін өлтіруге дейін жеткізгені үшін және дәрменсіз адамды қинағаны үшін судья Бақтияр Баратовты төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сот залында қолына кісен салынған қылмыскер жазаны қауіпсіздігі орта колонияда өтемек.

Тергеу барысында бірнеше талап өтініштер қанағаттандырылмады. Істің жан-жақты, толық жүргізілмегені де күдіктіні жазадан босатуға бағытталған амал ма деп ойлаған. Өлімге итермелегені де, қинау дерегі де дәлелденді, жаза қатаң болса деп отыр. Алайда сотталушы тарап өлімге барған әйелдің ісіне күйеуінің кінәлі дегеніне сенбейді. Сондықтан ақтауды сұрап, талап-тілек білдірген. Іске қатысты бірнеше талап-арыз білдірсе де, телеарнаға сұхбат бермеді. Істі қараушы судья да сот отырысында өздері қарсы болғандықтан, әзірге сотталушы тарапты түсіру мүмкін еместігін ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысы тұрғыны халатының бауына асылып қалғаны айтылған еді.