Енесін арқалаған келіннің әрекеті жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

0
444

Ғаламторда енесін арқасына мінгізіп, үйіне әкеле жатқан келіннің видеосы қызу талқыланып жатыр. Бейнежазбаның еліміздің қай өңірінде түсірілгені әзірге белгісіз.

Желі қолданушылары енесінің аяғын жерге тигізбей арқалап келе жатқан келінге түрлі пікір жазған, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Facebook желісінде пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда жас келін қартайған енесін арқасына мінгізіп, көтеріп келе жатыр. Әзірге бейнежазбадағы әже мен келіннің кім екені, видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз.

Ал желі қолданушылары «Осындай тәрбие берген анасына мың алғыс! Келін, бақытты бол!», «Тәрибелі келін екені көрініп тұр, апамызға Алла ұзақ ғұмыр берсін!», «Мынандайды бірінші рет көруім. Келінжан аман бол», — деп түрлі тілек жазды желі қолданушылары.