Енесімен танысуға барып, жоғалып кетті: полицейлер жүкті қызды іздеп жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

18 жасар Аружан Шабарбек Жамбыл облысына сүйіктісі үшін барып, хабарсыз кеткен. Соңғы рет оны Тараз автовокзалында бір бұрын көргендер бар. Одан бері қыз туыстарымен еш байланысқа шықпаған. Жоғалған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер жұмылдырылғанмен, әзірге еш нәтиже жоқ, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеп, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Енесімен танысуға барып, жоғалып кетті: полицейлер жүкті қызды іздеп жатыр

Жоғалған қызын іздеген ана үш аптадан бері жанын қоярға жер таппай жүр. Өтіп бара жатқан адамдардан сұрап, хабарландырулар іліп шаршаса да Венера Байзакова қызының міндетті түрде үйге оралатынына сенеді.

«Баламның үйге аман-сау қайтып келгенін тілеймін», — дейді Венера Байзақов.

Анасының айтуынша, Аружан Қуандық есімді жігітпен  интернетте танысқан. Қысқа қарым-қатынастан кейін жігіт үйленуді ойлаған. Қалыңдықты іздеп, Есікке барған. Бір-екі ай бойы болашақ енесінің үйінде қонақ болған Қуандық қоштаспастан қызды алып Таразға кеткен.

Алғашында байланыста болған қызына кері қайтуын анасы талап еткен. Жоспарлы ем алу керек болған Аружан жаңа үйінде өзін жайсыз сезінетінін де айтқан.

«Қызым маған: «Мен онымен бірге тұрмаймын,ол маған қажет емес. Ол мені ұрды» деп айтты. Сонда оған: «егер сені ұрса, ол саған не үшін керек?» дедім. Егер қызым Есікте болса осы уақытқа дейін келетін еді. Қуандық оны Тараздың  бір жерде зорлап ұстап отыр», — шарасыз ана. 

Енесімен танысуға барып, жоғалып кетті: полицейлер жүкті қызды іздеп жатыр

Анықталғандай Аружан осы аралықта жүкті болып үлгерген. Әлі құда болып үлгермеген құдалар Венера Байзакованың айыптауымен келіспейді. Қуандықтың анасы қызбен танысқаннан кейін Аружанды автобусқа дейін шығарып салған. Одан әрі не болғанын ешкім білмейді.

Қуандықтың ата-анасы таныстықтан соң қыз ағасы ауырып, үйіне, анасына көмектесуі керек екенін айтқан соң, поездбен қайтаруды ойлаған. Бірақ билет болмай автобусқа мінгізіп, қолына Алматыдан үйіне дейін жетіп алу үшін ақша да бергендерін айтып отыр. Тараздық құдалар оның жоғалып кеткенін кейіннен білгендерін алға тартып отыр. 

stan.kz