«Енемді қуантқым келді»: Енесіне ән арнаған отандық журналист көпшіліктің жүрегін елжіретті — Қазақстан жаңалықтары

0

Ене мен келін арасындағы бітпес дау қай заманда да болған. Ал қазіргі келіндер енесіне қалай әсер етуді біледі. Журналист Перизат Алпыс өз енесіне ән арнап, ыстық ықыласын жеткізбек болған екен. Stan.kz тілшісі Перизатпен байланысып, әннің шығу тарихын сұрап көрді. 

Перизат алпыс

Бала кезінен әнші, актриса болуды армандаған Перизат телевизия саласында жүрген соң бәрібір өнерге бір бүйрегім бұрып тұрады дейді. Қазіргі таңда бір ұл, бір қыз тәрбилеп отырған Перизат енесімен бірге тұрады.

— Ене туралы ән шығару идеясы қайдан келді, неге дәл ене туралы?

— КТК арнасында «Қыз қылығы» атты бағдаламада келін рөлін сомдап, сол баңдарламаның сценарисі де өзім болдым. Келін мен ене туралы көп жазатынмын. Өз отбасымда да апамның келіндері көп болып, солардың қызықтарын көріп өскенмін. Соны эфирге шығарғым келді. Бұл әнді шығару себебім, елімізде келіндері енелеріне арнап ән жазбаған екен. Мұндай әндер өзбектерде, қырғыздарда бар екен. Енесіне арнап ән жазған күйеу балалар бар, бірақ келні енесіне арнап ән шырқағанын көргем жоқ. Сосын «енем туралы неге ән жазбасқа» деген ой келді. Енемді қуантқым келді. Солай осы ән дүниеге келді, — деген журналистің үлкен экранға жол тартқан алғашқы дебюті емес.

Тойларда ән айтып, телевизиялық түрлі бағдарламаларда рөл сомдап актрисалық қырымен танылып жүрген ол енесімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтады.

— Бұл әнді шығаруға үйіңіздегі енеңіздің мінезі әсер еткен жоқ па?

— Енем мені кәдімгідей тәрбиеледі. Үй тірлігіне келгенде шорқақтау едім. Енем көп нәрсені үйретті. Енеміз екеуіміз бір-бірімізбен құрбыларша сырласамыз. Кейде түсініспеушілік болса, артық кетпейміз және түк болмайғандай сөйлесіп кетеміз. Кек сақтамаймыз. Мінезімізде ұқсастық бар. Қателігімді көрген жерде бетке айтып тастайтыны бар. Енемнің бұл қасиетін сыйлаймын. Өйткені, сыртымнан басқа біреулерге айтқанша өзіме келіп айтқаны жақсы. Енелер туралы ән жазуыма себеп өз енеме риза болғандығымнан деп ойлаймын.

Перизат алпыс

— Енеңіз қалай қабылдады?

— Енем осы ән туралы айтқан кезде бірден қолдады. Енем өнерді түсінеді. Ән мәтініне күліп қарады. Қатып қалған қатыгез ене емес. Керек кезінде досым да, енем де бола біледі. Қаққанда қаныңды, сыққанда сөліңді сығып алатыны бар. Бірақ ішкі жан-дүниемдегі сырымды ақтарып емін-еркін сөйлесе аламын. Кез-келген мәселе бойынша арқа сүйей аламын. Енем екеуміз шәй ішіп отырып, ол қыздарына айтпаған сырын — маған, мен анама айтпаған сырымды енеме айтыпе шер тарқатамыз. Бірақ бірдемені дұрыс істемесеме үнемі бетіме айтып басып отырады. Басында осы қылығына ренжитінмін. Бірақ қазір үйреніп кеттім. Енемді өзгерткенше, өзім өзгерейін деп шештім. Иә, әннің шығуына енемнің мінезі әсер етті деп ойлаймын, — деген Перизат «нағыз ана — ене, енем жаман деме» деген қағиданы ұстанады.

Журналист жас келіндерге мынадай кеңес айтады: 

— Түсінгенім, енені өзгерту мүмкін емес. Өзгересің ба, өзің өзгер. Өзің жақсы бол. Ененің әрбір сөзіне мән беріп, қиялдап қажеті жоқ. Ол қалай бар, солай жақсы көріңіз, — дейді журналист.

Айта кетсек, осы уақытта Перизат Алпыстың енелерге арнаған әні Youtube желісінде 1 млн қаралымға жетіп қалды.

 

 

 

stan.kz