«Енді жасырудың қажеті жоқ»: Айжұлдыз Адайбекова көпшілікке сүйіктісін көрсетті

0

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова көпшіліктен жасырған сүйіктісін көрсетіп, ресми түрде мойындады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Актрисаның таңдауы, саяхатшы-блогер Сәкен Кагаровқа түскен.

“Енді жасырудың қажеті жоқ”, – деп жазды блогер-актриса.

Айта кетейік, Айжұлдыз көпке дейін сүйіктісін жасырып жүрді. Алайда оқырман қауым блогер жігіттің қолындағы тыртығынан танып қойған еді.

Бүгінде оқырман қауым сүйікті жұбына бақыт тілеп, қатты қуанып жатқандарын жеткізді. Арасында танымал өнер жұлдыздары да жаңа жұпқа махаббат тіледі.

“Бірі – батыр, екіншісі – өнер. Қасиеттері қуантар, қанат бітірер жұп болыңдар”, – деп жазды Дина Төлепберген. “Қыранның шәкірті емес екен. Бұл жігіттің мобилографқа қатысы жоқ. Велошабандоз яғни, экстрим-блогер”, “Бақыт құшағында екеуі”, “Қыраннан кеткенің дұрыс болды. Ол өзі сияқты біреуді тауып алыпты”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, Айжұлдыз жақында су жаңа көлік сатып алғанын сүйіншілеген едік.