«Енді ынтам жоқ»: «Елдос Колобок» маңызды отадан кейін мәлімдеме жасады
Балалы болуды армандап жүрген танымал әзілкеш Елдос Кәдірханов жуырда маңызды ота жасатып, халықтан сүйінші сұраған болатын. Ол өзінің Instagram парақшасында отадан соң қандай өзгерістер болғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Белгілі әзілкеш, желіде «Елдос Колобок» ретінде танымал блогер оқырмандардың сұрағына жауап беріп, жуырда жасаған маңызды отадан соң қандай өзгеріс барын айтты. Ол ем барысында дәрі-дәрмектер мен екпелер салдарынан біршама салмақ жинағанын жеткізді.
«Қалайсыз? Қайтадан толып кеттіңіз, оған не себеп?», — деп сұраған оқырмандардың бірі.
Елдостың сөзінше, ол бір айға жуық уақыт ішінде 10 келіге салмақ қосқан.
«Оған себеп: емделу үшін ішкен дәрі-дәрмек, салдырған уколдарым. 28 күнде 10 келіге дейін салмақ қостым. Дәрігерім сәл салмақта өзгеріс болады деп ескертіп айтты. Ішкен дәріден тәбетім ашылды, жей бердім, жей бердім. Енді арықтауға, әрекет етуге әзірге ынтам жоқ, еркін, рахаттанып жүре тұрайыншы», — деп жауап берді ол.
фото: әлеуметтік желіден