Енді төсек тартып жатыр: Жасөспірім iPhone үшін бүйрегін сатты
Қытай елінің тұрғыны 2011 жылы iPad 2 мен iPhone 4 алу үшін өмірлік маңызды ағзасын саудаға салған. Араға жылдар салып енді ол төсекке таңылып жатыр, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
17 жастағы Ван Шангкун Қытайдың кедей ауылдарының бірінде туған. Бірде оған «ағза жинаушы» хабарласып, 3 000 доллар ұсынған. Бүгінде бүйрегін сатқан жас жігіт төсек тартып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өмір бойына жалғасуы мүмкін.
Алғашында гаджеттермен үйге оралған кезде анасы бірнәрсенің дұрыс еместігін сезіп, одан шындықты айтуды сұраған.
«Мен одан мұншама ақшаны қайдан алдың?» деп сұрадым. Ол «Бүйрегімді сатып жібердім» деп жауап берді», — дейді анасы.
Осы кезде полиция 9 адамды қолға түсіріп, оның бесеуіне «қасақана дене жарақатын салды» деген кінә тағылды. Кінәлілердің арасында хирург, брокер, ота бөлмесін жалға алған адам және донор іздеп жүргендермен байланысатын онлайн чат иесі бар.
Күдіктілер ұсталған соң, жасөспірімнің отбасы олардан 300 мың доллар ақша өндіріп алған. Алайда бұл ақша оларды бақытты қыла алмады. Жасы отызға таяған Шангкун бүгінде ауыр халде жатыр.