Енді Шымкент әкімін Президент өзі тағайындайды

0
Шымкент әкімдігі
Фото: Ernur.kz

Президент тағайындайтын саяси, мемлеттік және басқа да қызметкерлердің қатарына Астана, Алматы және еліміздің басқа облыстарының әкімдерінен бөлек, тізімге Шымкент әкімінің де қызметі кірді.

Енді Шымкент әкімінің орынбасарын қала әкімі тағайындаса, қалалық полиция департаментінің басшысын ішкі істер министрі тағайындайды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзгерістер саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің тізімі мен Президенттің басқа да жарлықтарына әсер етті.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz