Енді қазақстандықтар 2 салықты біріктіріп төлейді

0

Қазақстандықтар алдағы уақытта екі бірдей салықты біріктіріп төлеуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Аталған өзгерісті депутаттар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын және «Салық және өзге де міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасы мүлік пен жер салығын бірыңғай төлемге шоғырландыруды көздейді. Екі салық бірыңғай төлем ретінде төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру мен банк жарналарын төлеу шығындарын төмендетуге мүмкіндік бермек», — деді депутат Ғұмар Дүйсембаев.

Бұдан өзге ол көппәтерлі тұрғын үйдің иелері үшін жер салығы жойылатынын мәлімдеді.

«Бұл салықтың шамалы мөлшерімен, есептеудің күрделілігімен және айтарлықтай әкімшілік шығындармен байланысты», — деді Ғұмар Дүйсембаев.