Енді Қазақстада ипотека жаңаша рәсімделеді

0
329
Advertisement

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ипотеканы рәсімдеу процесіне блокчейн технологиясы енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде бердім. Ипотекаға пәтер сатып алғанда, кепілді тіркеу қажет.

Бүгінде таңда, банктен құжаттарын алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күннен кейін ХҚКО-дан құжаттарды алып, оларды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Рәсімдеу кезіндегі бюрократияны шешу үшін Blockchain технологиясын қолдандық. Осы күрделі процесті тек сынақ форматында автоматтандырылды.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктерді берді? Ипотеканы ресімдеу мерзімдерін қысқарту және клиент деректерінің сақталуы. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылатын болады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз.

Сондай-ақ, автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгерттік. Автокөлікті тіркеу онлайн режимінде қолжетімді болғанына қарамастан, азаматтар Маманданыдырылған ХҚКО-ға тікелей келіп, бірнеше уақытын жұмсауда. Мамандандырылған ХҚКО-ларға жыл сайын 3 млн астам азаматтар жүгінеді. Ұзақ қатарлы кезектер пайда болады.

Біз енгізген жаңа процесс – базада сатып алушы ақшаны сатушы автомобильдің шотына аударғаннан кейін бірден автокөлік иесін өзгертуге мүмкіндік береді. Барлық мәселелерді жедел пысықтағаны үшін ІІМ әріптестеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін ғана осындай ыңғайлы сервис пилоттық режимде Kaspi.kz қосымшада қолжетімді», – деді министр.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз