«Енді маған ұрыспайсыздар». Қарағанды әкімінің жазбасы көпті күлдірді

0

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов Четская көшесінің бойындағы жолға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталып қалғанын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алақай! Достар, ертеңнен бастап маған ұрыспайтындарыңызға қуанып отырмын. Мен де бұл сәтті қатты күттім. Четская көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Өте қуаныштымын!»— деді ол.

Сондай-ақ әкім жөндеу жұмыстарының не себепті кешіктірілгенін түсіндірді.

«Біріншіден, жол өте ұзақ.  4,5 шақырым  бір жаз маусымы үшін өте көп. Екіншіден, біз жол астындағы бастапқы зерттеу кезінде көрінбеген көптеген желіні таптық. Болашақта апат бола қалса, жаңа жол жамылғысын бұзбау үшін оларды басқа жерге көшірдік. Үшіншіден, екі жерүсті жылу компенсаторын жерастына ауыстыру көп уақытты қажет етті. Төртіншіден, жаңбыр суының жаңа жүйесін орнаттық. Бесіншіден, көше қиылыстарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сыртқы жарықтандырудың жаңа желісін орнаттық»,  – деді Мейрам Қожықов.