Енді электр самокатпен жолда жүру үшін жүргізуші куәлігі қажет болады

0

Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтып берді.

«Бұл заң жобасы әлі де қаралып жатыр. Осы құжат депутаттардың ұсынысы бойынша енгізілді. Заң жобасы аясында самокатпен жолда жүру тәртібі реттелмек. Мәселен, жолдың оң жақ шеткі бөлігінде 18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ басына тиісті шлем киген адамдарға жүруге рұқсат берілмек», — деді ол.