Енді имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ

0

27 мамырдан бастап Өзбекстандағы барлық мешіт имамдарына әлеуметтік желілерге кіруге және жазбаларға «лайк» қоюға тыйым салынады.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы бұл шектеуді ресми түрде растады. Мамыр айының соңында барлық имамдарға Ташкенттің бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама жеткізілді. Хабарламада имамдарға әлеуметтік желілерде пікір қалдыруға және жазбаларға «лайк» басуға болмайтыны айтылған.

Елдегі діни жағдайға қатысты, Өзбекстанда 16 конфессияға тиесілі 2285 діни ұйым бар. Олардың 2098-і исламдық, ал 188-і басқа діни бағыттарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес, дін мен мемлекет бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» заңмен реттеледі.

фото: яндекс