Енді еліміздегі жемқорлықпен күреске қатысты хабарландырулар мен жарнамалар кәдімгі смайликтермен безендірілме — Қазақстан жаңалықтары
Сонда эмоджилер парақорларға тосқауыл бола ала ма? Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігің төрағасы кеңесшісі Нұрлан Жақсымбетов журналистермен кездесу барысында хабарлады.
Агенттік мамандары бұдан былай мемлекеттік қызметкерлерден өзге халықты да заңсыз әрекеттерден аулақ жүруге шақырамыз деп белсеніп отыр. Себебі, жалпақ жұртқа ортақ кеңселер ашқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Адалдық алаңы» деп аталатын жобаның ерекшелігі жемқорлыққа қатысты барлық хабарландыру, жарнама немесе түсініктеме жұмыстары кәдімгі ватсаптағы эмоджилермен белгіленбек.
«Осындай жаңа жобаны ойлап табудағы басты мақсатымыз тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жою. Қазір осындай логотиптер арқылы жұмысын жүзеге асыратын жобалық кеңсе бүкіл Республика бойынша іске қосылды. Жұмысын істеп жатыр. Жобаның аумақты қызметін қамтамасыз ету үшін біздің агенттік жеке бренд ретінде қалыптастыруға шешім қабылдады», — деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Нұрлан Жақсымбетов.
Нұрлан Жақсымбетовтің айтуынша, бұл баннерлер жақын уақытта бүкіл еліміздің аумағында ілінбек. Ондағы суреттерді танымал отандық графикалық дизайнер тегін жасап беріпті. Оның үстіне, «смайликтер көрген адамның есінде бірден қалады әрі түсінікті» дейді ол.
«Баннерлердегі белгілерге мән берсеңіздер барлығы жарқын, позитивті түстермен көмкерілген. Қанық реңктердің таңдалуының себебі кез-келген адамның жадында тез сақталса деген ниеттен туындап отыр. Әрі кез-келген түс біздің бастамамыз үшін маңызды. Мысалы, көк түс мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен тазалығын білдірсе, жасыл мемлекеттік қызмет алудың қолайлы ортасы деп түсінуге болады», — деді Нұрлан Жақсымбетов.
Жемқорлыққа қатысты жазбаларды жеңіл-желпі эмоджилармен өрнектеу қаншалықты қисынды екенін жұртшылықтан сұрап көрдік. Пікірлер әрқилы.
«Білмеймін енді. Смайликті түсінетін адам бар, түсінбейтін адам бар. Біздерге қалай ол?»
«Барлық адамдар түсінбейді. Мысалы, қарт адамдар түсінбеуі мүмкін де».
«Ол да дұрыс. Заман талабына сәйкес қой бәрі».
Карикатура маманының пікірінше, қарапайым халыққа бір смайликпен тегіс мәтінді түсіндіру мүмкін емес. Бірнеше парақтағы жазбаны суретпен көрсетуге болады. Ал, эмоджидің де сан-алуан түрлері бар. Оны біреулер ұқса, кейбіреулер түсінейді дейді ол.
«Жастар қазір көбінесе сондай нәрселермен ғана айналысады ғой. Енді олар үстірт қана түсінуі мүмкін. Мысалы, не жақсылықты айтып тұр ма,не жамандықты айтып тұр ма, қосыла ма қосылмай ма деген сияқты ғой мысалы. Күлі тұрса е мынау бір жақсы нәрсе екен деп, кейіп тұрса мынау дұрыс емес екен деп қана. Сондай деңгейде оның астарында не тұрғанын олар білмейді», — деді карикатура маманы Айдарбек Ғазизұлы.
Міне менің қолымда қазіргі өзіміз күнде достарымыз бен таныстарымызға жіберіп жүрген смайликтер. Әдейі шығарып алдым. Қазір, мына эмоджилердің мағынасын халық түсіне ме екен жан-жағымыздағы адамдардан сұрап көрейік.
Міне, кейбір адамдар білмейтін ұғынықсыз смайликтер бар. Ал, ондай эмоджилермен жемқорлық сыңайлы салмақты саланың хабарландыруларын қалай болады екен?
Көп адам әр эмоджидің мағынасын толық түсіне бермесе де жастар бұған жақын дейді әлеуметтанушы. Оның пікірінше, бұндай смайликтер жастарға арналған жобаларда қолданылуы тиіс дейді.
«Бұл смайликтерді қою арқылы жемқорлықты жеңу мүмкін емес деп есептеймін бірінші кезекте. Себебі коррупцияны жеңудің жолы мүлдем басқа. Коррупцияның дұрыс емес екенін жеткізу жолдарының ішінде жастарға арналып таңдалып жатса енді бұл қандай мамандармен келісілген енді ол психологтармен келісіліп алынды ма? + Бірақ бұл жаңашылдықтың қазіргі заманның талабы деп қабылдаған шығар деп ойлаймын», — деді әлеуметтанушы Саят Баймұратов.
Бүгінгі күннің талабына сай болғанымен, қыруар қаражаттың далаға кететіні әрине қынжылтады дейді мамандар. Сондықтан, жемқорлықпен күресудің басқа амалдарын тапқан жөн — деген ойда.
stan.kz