«Енді екі туған күнің бар»: Түркістан облысының тумасы Алматы хостеліндегі өрттен қалай аман қалды ?

0

Түркістан облысының тумасы Рамазан Әміралиев есімді азамат Алматыдағы хостелде өрт болардан бірнеше күн бұрын ауылына қайтып кеткен. Осылайша ол аман қалыпты, деп хабарлады  Otyrar.kz.

Басылым жазуынша, Сарыағаш ауданы Дербісек ауылы әкімінің орынбасары 20 жастағы Рамазан Әміралиев Шымкенттегі медреселердің бірінде оқитынын айтты. Ол Алматыға жұмыс бабымен келіп, өткен аптада өрт шыққан хостелде тұрған еді. Қайғылы жағдайдан бірнеше күн бұрын жас жігіт Сарыағаш ауданына оралғаны белгілі болды. Ата-анасы жас азаматты Ташкентте белгілі бір тексерістен өту мақсатында үйге оралуын өтінген. Бүгінде жас жігіт ата-анасының жанында.

«Туылған күнің құтты болсын. Енді туған күніңді жылына екі рет тойлайтын болдың. Сен туралы қазір бір ауыл ғана емес, бүкіл республика шулап жатыр. Мұғалімдері сабаққа келмей жүр деп қоңырау шалған дейді. Көретін жарығың бар екен. Бұл қонақүйде қалғаныңда, не боларын кім білсін», – деді Дербісек ауылы әкімінің орынбасары Рамазанға қарата сөйлеп. 

фото: YouTube / Арман Беккалиев