Енді білім бөлімдері басшыларын облыс әкімдері тағайындай алмайды

0
1

Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларын облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындайтын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.

«Облыстық деңгейде орталықтандыруды ескере отырып, облыс әкімдіктерінің алдында барлық білім беру ұйымдарын орналасқан жеріне қарамастан теңгерімді әрі атаулы қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша міндет жүктеледі.

Министрлік білім беру басқармаларымен өзара тығыз қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, өз шешімдерін барынша тиімді қабылдай алады және елдегі әрбір мектепке немесе балабақшаға әдістемелік көмек көрсетеді.

Осы өзгерістерге байланысты білім беру бөлімдерінің басшыларын тағайындау процедурасы өзгереді. Енді оларды әкімдер емес облыстық білім беру басқармаларының басшылары тағайындауды», – деді Бибігүл Асылова ведомствоның аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, білім беру саласын басқарудың жаңа жүйесін енгізу барысындағы заңнама енгізілген өзгерістерді одан ары жүзеге асыру үшін қазіргі уақытта ведомство Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен заңнамалық актілері деңгейінде нормативтік реттеу жұмыстарын аяқтауға жақын.

«Ең алдымен бұл білім беру басқармалары мен бөлімдері арасындағы қызметтерді бөлу туралы бұйрықты бекіту. Қазіргі уақытта бұйрық жобасы әзірленіп болып қалды және осы аптада мүдделі мемлекеттік органдардың бәріне жіберілуі жоспарланған», – деді вице-министр.

Бұған дейін аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін басқару қызметі облыстық басқармаларға берілетіндігін хабарлаған едік.

inform.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз