Еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек 

0

Білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін» бағдарламасы жүзеге сәтті асырылып келеді. «StartapBolashak» бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді. Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге түскен талантты жастарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Президенттің тапсырмасымен қабылданған «7-20-25» бағдарламасы әр жас отбасыға ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді.

Жастар еліміздің жарқын болашағына жетелейтін басты қозғалтқыш болып табылады. Осы орайда, Елбасы мен Қазақстан халқының жастарға үміт артуы орынды екеніне күмән жоқ. Елбасының Жастар жылының ашылуы кезінде жас ұрпақтың әлеуметтік жағдайын көтеруге арналған тапсырмалары олардың ел экономикасы мен руханиятын дамытуына үлкен демеу болары сөзсіз. Өз кезегінде олар да Отанына адал қызмет етіп, өркениетке ұмтылары анық. Жастар білімімен, тәрбиесімен, отансүйгіштігімен, еңбекқорлығымен бәсекеге түсуі керек.

Әлімжан ҚҰРТАЕВ, 

Сенат депутаты

Дереккөз: http://egemen.kz/