Еңбек министрінің жаңа орынбасары тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары
Серік Шапкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«ҚР үкіметінің қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», — деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Серік Шапкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2015-2016 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды.
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Атырау әкімі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
stan.kz