Ең зиянды әдеттер аталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарандаш немесе қаламның басын шайнау, лас қолмен смартфонды қолдану адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

привчки

Бұл туралы ресейлік терапевт дәрігері Алексей Водовозов айтып берді. 

Ресейлік маманның сөзінше, көптеген адамдар қолындағы затты кеміруді әдетке айналдырған. Десекте бұл әдеттің тіске деген зиянын тигізуі мүмкін екен. Бұған қоса скотч пен жіпті тісімен үзетіндерге де дәрігер бұның дұрыс еместігін ескертті. 

Водовозов ең зиянды қылық деп минут сайын ұялы телефонды тексеріп тұруды атады. Ол дәретханада және қоғамдық көліктерде смартфонды пайдаланатын адамдар кейіннен оны ас ішкенде және ұйықтаған кезде бірге алып жүретіндігін атап кетті. Сол үшін байланыс құралдың сыртың да дезинфекциялаушы құралдармен сүртіп тұрған дұрыс дейді. 

Бұған қоса телефонға телміру көзге деген жағымсыз ықпалын атап, көлік айдап отырғанда смартфонға үңілмеуге кеңес берді. 

 

stan.kz