Домой Жаңалықтар «Ең жақындарымыз ғана болады»: Заңғар Нұртас тойына 550 адам шақырмақ

«Ең жақындарымыз ғана болады»: Заңғар Нұртас тойына 550 адам шақырмақ

0
662

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың інісі үйлену тойына қанша адам шақыратынын айтты. Заңғар Нұртас қуанышында тек ет-жақындарының басын қоспақ. Олардың саны 550 адамға жеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Заңғар Нұртас өз Instagram парақшасында айтты. Ол оқырмандарын қызықтырған сқрақтарға жауап беріп, тойға қатысты жоспарларын бөлісті. «Үйлену тойына дайындалып жатырмын. Барлығы 550 адам шақыратын болдық. Бұл ең жақын, ең жақсы араласып жүрген адамдар тізімі. Қысқартқанда солай болды. Маған 80 орын берді. Мен өз адамдарымды шақырамын. Қалған 470 адамды ата-анам шақырады. Солай дайындық жүріп жатыр”, – дейді ол.  Сонымен қатар, қос ғашық дәстүрге айналып бара жатқан «Love Story» түсіргенін айтты. Алайда, олар күн суықта түсіргендіктен қатты тоңып қалған. Айта кетейік, өткен аптада Гүлзира Айдарбекова үшінші келінін түсірген болатын. Кенже ұлы Заңғардың таңдауы Жібек есімді аруға түскен. Жастар тоғыз жыл бойы қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген.