Ең төменгі күнкөріс деңгейі қарашада 26 108 теңге болды

2018 жылғы 4 желтоқсан 19:44 94

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанда 2018 жылдың қараша айында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 108 теңгені құрады. Бұл өткен айдағыдан 8,8% аз (қазан айында — 28 620 теңге), деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері биылғы қараша айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2%, былтырғы қарашамен салыстырғанда 12% артқан.
Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың — 20,6%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға — 16,3%, көкөністер мен жемістерге — 8,2%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне — 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге — 2,3% жұмсалған.