Ең кемі 550 мың. Парламент депутаттарының жалақысы қанша

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
⠀
«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бақсармасы ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы
жұмыс өтіліне байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін түрленетіндігін хабарлайды», — делінген жолдаған ресми сауалға берілген жауапта.
⠀
Айта кетейік, 2019 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы — 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын.