Ең бай қытайлық атағынан айрылған Джек Ма тағы бір қызметінен кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Жапонияның SoftBank телекоммуникациялық компаниясының директорлар кеңесінен кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Қытайлық миллиардер Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетпек

Белгілі болғандай,  Джек Мамен бірге директорлар кеңесінің басқа да 10 мүшесі кеңестің жаңа құрамы құрылатын 25 маусымда өз қызметінен кетеді. 

Агенттіңтің хабарлауынша, миллиардердің өзі қызметінен кетуді қалаған.

Қазіргі уақытта Softbank компания акцияларының шамамен 25 пайызын иеленеді, оның нарықтық құны 546 миллиард долларды құрайды. Компания 2021 жылдың 31 мамырына дейін өзінің 135 миллион акцияларын кері сатып алатынын мәлімдеді. Ал келесі жылдың соңына қарай 4,65 миллион долларға дейін акцияларды қайтару жоспарланып отыр.

Жақында SoftBank 12,7 миллиард доллар көлеміндегі жылдық шығын туралы хабарлады. Бұл — оның тарихындағы ең нашар көрсеткіш.

Айта кетейік, Джек Ма Softbank басқармасына 2007 жылы қосылды. Alibaba мен SoftBank бір-бірімен байланысты, өйткені SoftBank бас директоры Масаеси Сон 2000 жылы Alibaba-ға 20 миллион доллар инвестициялаған.

2019 жылдың қыркүйегінде Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма компанияның директорлар кеңесінің төрағасы ретінде ресми түрде отставкаға кетті. Таяуда Джек Маның енді әлемдегі ең бай қытай емес екендігі белгілі болды. Енді миллиардерлер тізімінде бірінші орынды Tencent онлайн ойындардың ең ірі дистрибьюторы Ма Хуатэн иеленді.

 

stan.kz