Ең бай әрі сұлу актрисалардың есімі жарияланды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тізімге енген актрисалардың бір жылда тапқан табысы есептелген

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз — Sputnik.  Forbes журналы ең көп табыс табатын актрисалардың рейтингін ұсынды.

Биыл бұл тізімді 56 миллион доллар тапқан америкалық актриса Скарлетт Йоханссон бастап тұр. 2018 жылдың 1 маусымы мен 2019 жыдың 1 маусымы аралығындағы кезең қарастырылған.


©
Sputnik / Екатерина Чеснокова

Америкалық актриса Скарлетт Йоханссон

Басылымның хабарлайынша, табысының басым бөлігі «Черная вдова»  және «Мстители: финал» картиналары үшін төленген ақы.

Екінші орында америкалық сериал жұлдызы София Вергара. Ол 44,1 миллион доллар табыс тапқан.


©
AP Photo / Evan Agostini/Invision

Сериал жұлдызы София Вергара

Тізімге енген үшінші актриса Риз Уизерспун, ол 35 миллион доллар табыс тапқан. 


©
AP Photo / Jordan Strauss/Invision

Риз Уизерспун бір жылда 35 миллион доллар табыс тапқан

Кейін Николь Кидман (34 миллион) мен Дженнифер Энистонның (28 миллион) есімдері аталады.

Табыс 69 процентке артқанмен, өткен жылмен салыстырғанда актрисалардың ақшасы азырақ екені айтылады. Актрисалардың табысын қосқанда 314 миллион доллар болады. Ал былтыр ең көп ақша тапқан актерлердің жалпы қаражаты — 588 миллион долларға жеткен.



sputniknews.kz